Басты Жаңалықтар Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді

Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді

Алматыда ұлттық қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шараға Алматы қаласы мен Алматы облысынан 50-ден астам шебер қатысты. Олар өздері жасаған туындыларын көпшілікке таныстырды. «Жәрмеңкенің мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу және қолөнерді креативті индустрияның бір бағыты ретінде дамыту», - дейді ұйымдастырушылар.  Шарада зергерлік әшекейлер, ұлттық нақыштағы сөмкелер мен тұрмыстық бұйымдар қойылды.

Ақтолқын Орынбекқызы, қолөнерші:

Қазақы дүние трендте қазір, дәл қазір. Бұрын тек қана Наурызда пайдаланатын болса, қазір күнделікті пайдаланады. Бізде сұраныс күнделікті, сосын кейін бізде сумка аксессуар болып есептелетін болғандықтан, бізде жас талғамайды. Жастан бастап ол кәріге дейін ала береді.

Шеберлердің сөзінше, ұлттық нақыштағы бұйымдарға сұраныс артқанымен, оларды кеңінен таныстыруға арналған алаңдар әлі де қажет. Осы ретте жәрмеңке қолөнершілерге өнімдерін ұсынуға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Келушілер авторлық жұмыстарды тамашалап қана қоймай, шығармашылық шеберлік сабақтарына да қатысты.

-        Қарап тұрғанымыз мына қол сырнайлар, ау сырнай, немереміз беске толады деп, соған аламыз ба деп тұрмыз.  Қазақтың қолөнері өте керемет!

-        Осындай қолөнерлерді дамытқаны қазіргі жастарға өте қажет.  Әрбір жас азамат білуі керек қандай қолөнермен айналысатынын.

-        Өзіме ұнаған әшекейлерді уже таңдап алдым. Мен осы ұлттық нақыштағы заттарды қолдаймын.

Бөлісу