Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
Қазақстан энергетикасының қуаты артады. Елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту, электр тапшылығын жою, жаңа станциялар салу мәселелері Құрылтай комитетінің отырысында талқыланды. Жиын Мемлекет басшысының 28 қазандағы Жолдауында жүктелген міндеттерді іске асыруға арнады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2029 жылға дейін жалпы қуаты 13,3 ГВт болатын жаңа энергетикалық қуат іске қосылады. Оның 6 ГВт-қа жуығы күн мен жел энергетикасына тиесілі. Бұл электр тапшылығын жойып, халық пен кәсіпорындарды тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, көмір генерациясын дамыту аясында 7,8 ГВт қуат іске қосылып, қолданыстағы станциялар жаңғыртылады. Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жаңа жылу электр орталықтары салынады. Комитет отырысында осы жобаларды жүзеге асыруға қажетті заңнамалық тетіктер мен энергетика саласына инвестиция тарту мәселелері де қаралды.
Сұңғат Есімханов, Құрылтай депутаты:
Құрылтай ретінде заңнаманы дұрыстауға жоспар бар. Қазіргі кезде бізде баламалы энегрияны дамыту заңнамасы қарастырылып жатыр. Біз қараша айында оны бірінші оқылымға шығарамыз. Саланың мамандарымен, әріптестерімізбен соны қарастырып жатырмыз. Соған тиісті энергияны сақтау жүйелерін, жаңартылған энергия көздерін дамыту бағытыда өзгерістер енгізіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы