Ресейде жекеменшік жоғары оқу орындарының саны қысқарады
Ресейде жекеменшік жоғары оқу орындарының саны қысқармақ. Билік лицензиялау тәртібін қайта қарауды көздеп отыр. Қадағалаушы ұйымның мәліметінше, 2021–2025 жылдар аралығында лицензия алған жекеменшік білім беру ұйымдарының саны 15 пайызға өскен. Алайда жекеменшік университеттерден түскен талапкерлердің тестілеу нәтижесі төмен болып, 45 пайызы шекті балдан аса алмады. Қазір елде 345 жекеменшік жоғары оқу орны бар. Лицензиялау кезінде оқу бағдарламаларының мазмұны, профессор-оқытушылар құрамы және студенттердің білім деңгейіне басымдық берілмек. Талапқа сай келмесе оқу орындарының лицензиясы тоқтатылады немесе қайтарып алынады.
Григорий Сподах, Мемлекеттік емес жоғары оқу орындары қауымдастығының атқарушы директоры:
Бұл мәселе жылдар бойы шешілмей жатыр. Сондықтан енді лицензиялау талаптарын қатаңдату жағы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етіледі. Ресейде дипломдарды сататын, білім бере алмайтын фейк жоғары оқу орындары көбейді. 2010 жылдан бері 1500 жекеменшік жоғары оқу орны жабылды. Бірақ, күрес әлі де жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы