Радио тарихынан сыр шертетін кітап жарық көрді
Алматыда белгілі журналист Оңғар Құралдың «Радио-ғұмыр» атты кітабы таныстырылды.
Жинақ Қазақ радиосының 105 жылдығы мен «Шалқар» радиосының 60 жылдығына орай жарық көрген. Кітапқа автордың радио тарихы, сала ардагерлері мен радиожурналистиканың дамуы туралы жылдар бойы жазған мақалалары, естеліктері және ғылыми еңбектері енген. QR-кодтар арқылы оқырман радио тарихына қатысты бейнематериалдарды да көре алады. Автордың айтуынша, кітапты шығаруға әр жылдары түрлі басылымда жарияланған еңбектерін бір жинаққа топтастырып, кейінгі буынға ұсыну идеясы түрткі болған.
Оңғар Құрал, журналист, «Радио-ғұмыр» кітабының авторы:
Сол мақалалардың бәрін қосып, әр жерде шашылып жатқаннан гөрі биылғы Қазақ радиосының 105 жылдығы, Шалқар радиосының 60 жылдығы аясында неге жинақ етіп шығармасқа деген ой туды. Сол кітапты дайындау барысында мен өзімнің еңбектерімді түгел кітапханадан жинақтадым. Еңбектерімді, газет-журналдарда шыққан түгел мақалаларымды, естеліктерімді - барлығын радиоға арналған дүниелерді жинақтап осы «Радио-ғұмыр”»деген жинаққа еңгезіп халыққа ұсынуды жөн көрдім.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы