Қақтығыс аймағындағы қазақстандықтар жедел желіге хабарласа алады
Сыртқы істер министрлігі қақтығыс аймағындағы Қазақстан азаматтарының өтініштерін қарастыруды жалғастырып жатыр. Әлеуметтік желілерде бейнеүндеу жариялағандарға көмектесу үшін барлық қажетті шаралар қабылданып келеді. Оларды елге қайтару мәселесі бойынша келіссөздерді тоқтатпаймыз, - дейді ведомство өкілі. Соғыс аймағында қалған қазақстандықтар экрандағы нөмірлерге хабарласа алады. Жедел желіге келіп түсетін әр өтініш мұқият тексеріледі. Тексеру аяқталғаннан кейін тізім Ресей тарапына жолданады. Азаматтарды қорғау үшін министрлікке олардың аты-жөні, туған күндері, орналасқан жері және еңбек келісімшарттары қажет. Ведомство бұған дейін әртүрлі елдер мен өңірлердегі соғыс аймақтарынан отандастарды қайтарып алғанын, тәжірибе бар екенін еске салды.
Жанболат Үсенов, ҚР СІМ ресми өкілі:
Қазақстан Республикасы азаматтарының отанына оралуға жәрдемдесуді сұраған бейнежазбалар тарап жатыр. Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға барынша байыппен қарайды. Министрлік әлемнің түрлі елдері мен өңірлеріндегі соғыс қимылдары болып жатқан аймақтардан отандастарымызды қайтару бойынша тәжірибе жинақтаған. Қазақстан азаматтары туралы ақпаратты БАҚ арқылы емес, олардың өзінен тікелей алудың маңызы ерекше.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы