₸3,1 млрд: Шымкентте құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды
Шымкентте заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған екі азамат сотталды. Тергеу мәліметінше, олар құмар ойындарға адам тарту үшін мессенджер арқылы ұсыныстар жіберген. Қатысуға ниет білдіргендерге аккаунт ашылып, логин мен пароль берілген. Ал ақша қабылдау мен ұтыстарды төлеу үшін 14 дроппердің атына рәсімделген банк шоттары пайдаланылған. Екі онлайн-платформаның жалпы ақша айналымы 3,1 миллиард теңгеге жеткен. Ұйымдастырушылар заңсыз жолмен тапқан қаражатқа жалпы құны 200 миллион теңгеден асатын автокөліктер мен жер телімдерін сатып алған.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
Оның ішінде BYD Destroyer, LiXiang L6 Max, Chevrolet Monza, SsangYong Rexton маркалы автокөліктер, сондай-ақ екі жер учаскесі бар. Сот үкімімен екі адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы