Басты Жаңалықтар Өңір дамуы – ел дамуы

Өңір дамуы – ел дамуы

Президенттің жаңа кітабындағы «Өңірлер» тарауында экономиканы күшейту, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың тұрмыс сапасын арттыру мәселелері қозғалады. Бұл міндеттер Абай облысының даму жоспарымен де үндеседі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстың жалпы өнімі 1 триллион теңгеден асты. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 700 миллиард теңгеге жуықтаған. Экономиканың негізгі тіректері – өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік салалары дамып келеді. Тартылған инвестиция көлемі де артты, - дейді мамандар.

Мұхтар Бақтыбеков,  әлеуметтанушы:

« Әділетті қоғамға-шыншыл сөз» деген осы еңбегі, кітабы бұл қоғамға бір үндеу сияқты.  Абай облысына қажетті мәселелер айтылып отыр. Оның ішінде экономикалық жағдайға қатысты, аймағымыздың өркендеуіне қатысты, әлеуметтік инфраструктурасына қатысты жақсы ойлар жалғасын табуда. Осы бағытта көлемді жұмыстар жүргізіліп отыр. Ол жаңағы транспорт саласы, темір жол саласы, қала көшелері, республикалық көшелердің жөнделуі, тауар айналымына үлкен серпін береді деп ойлаймын.

Бөлісу