Әлеуметтік-медициналық сараптаманың электронды кезегі енгізіле бастады
Әлеуметтік-медициналық сараптаманың электронды кезегі
енгізіле бастады. Енді азаматтар сараптамадан өтетін күн мен уақытты алдын ала
онлайн таңдай алады. Жүйе әзірге Ақмола облысы мен Алматыда жұмыс істеп тұр. 1 қазандағы
дерек бойынша, сервисті 5 мыңнан астам адам пайдаланған. Жазылу «Әлеуметтік қызметтер
порталы» арқылы жүргізіледі. Жүйе азаматтың тұрғылықты жеріне қарай қажетті бөлімді
автоматты түрде анықтайды. Жазылған адамға SMS арқылы қабылдау уақыты,
мекенжайы мен талон нөмірі келеді. Қажет болса, жазбаны өзгертуге немесе одан
бас тартуға болады. Министрлік бұл жүйе күту уақытын қысқартады деп отыр. Жоба сәтті
болса, электронды кезек барлық өңірлерге енгізіледі.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да тазалық ережесін бұзған 7 мың адам жауапқа тартылды
06.10.2026, 10:21
Шымкенттің экологиялық ахуалы бақылауда
06.10.2026, 10:17
Ұлы дала мәдениеті Белградта таныстырылды
06.10.2026, 10:16
Сарапшы: Конституцияда ұлттық ерекшелік пен әлемдік тәжірибе үйлесім тапқан
06.10.2026, 10:11
Йемен әскері стратегиялық бұғазды хуситтерден қайтарып алды
06.10.2026, 10:10
Өкпе обасы: Еуропа одағы мен АҚШ Сібірдегі жағдайды жіті бақылап отыр
06.10.2026, 10:07
Халық кеңесінде өңірлерді дамыту мәселесі қаралды
06.10.2026, 10:05
Астанада кезекте тұрғандарға 562 пәтер беріледі
06.10.2026, 10:03