Twitter пайдаланушылары Олимпиадаға қатысты бір күнде миллионнан астам хабарлама жазған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Twitter пайдаланушылары Олимпиадаға қатысты бір күнде миллионнан астам хабарлама жазған

08.02.2014
Twitter пайдаланушылары Олимпиадаға қатысты бір күнде миллионнан астам хабарлама жазған
Socialbakers қызмет көрсету ұйымының мониторингі бойынша, бүгін Twitter әлеуметтік желісінің қолданушылары #Sochi2014 хэштегімен  миллионнан астам  хабарлама жазған.
 
Ал, 7 ақпан күнгі ашылу салтанатының алғашқы бөлімінде #Sochi2014 хэштегімен 290 мыңнан астам, екінші бөлігінде 390 мыңнан астам хабарлама жарияланған.
 
Сочи-2014-ке қатысты ақпараттардың көбі - ағылшын (84 пайыз), орыс (5 пайыз) және испан (4 пайыз) тілдерінде жариялануда. Ең көп талқыланған спорт түрлері – мәнерлеп сырғанау, керлинг және сноуборд.

Хабарламаларға жазылу