Қазақстандық азамат 1 күнде 52 тісін емдеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық азамат 1 күнде 52 тісін емдеткен

07.09.2023

Қазақстандық азамат 1 күнде 52 тісін емдеткен. Яғни, дәрігерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тұрғындарды жалған қабылдауларға жазған. Бұл туралы қор төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан мәлім етті. Жалпы биыл алғашқы жарты жылдың өзінде 23 мыңға жуық жалған жазба анықталыпты. Бір күнде 40 сағат үздіксіз жұмыс істеп, 80 адам қабылдап үлгердік деп есеп бергендер де бар болып шықты. Қол жетімді медицинаны қамтамасыз етуі тиіс жаңа жүйенің одан өзге де шикі тұстары көп көп екені айтылды. Ең негізгісі: 3 миллионнан астам адам сақтандырылмаған және МӘМС арқылы көрсетілетін көмектерге қол жеткізе алмайды. 


Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу