Азиаданың бесінші күні: 1 алтын, 4 күміс, 1 қола
Азия ойындарының бесінші жарыс күні тарихи нәтижемен басталды. Академиялық ескек есуден Қазақстан тұңғыш рет Азия ойындарының алтын медаліне ие болды. Тарихи жүлдені Владислав Яковлев пен Иван Чернухин сыйлады. Спортшылар рульсіз қос қайық бәсекесінде қарсыластарынан оқ бойы озық шықты. Қазақстандық экипаждар финалда барын салды. Алғашқы 500 метрде төртінші болды. Мәреге жақындаған сайын жылдамдықты арттырып, басты қарсыластары Қытай құрамасын 2 секундқа басып озды. Осылайша, Жапонияда еліміздің әнұраны 8-ші рет шырқалды.
Иван Чернухин, академиялық ескек есуден Азия ойындарының чемпионы:
Бұл менің бірінші Азия ойындарым. Өте сәтті, әрі нәтижелі өтті деп есептеймін. Жаттығыуымыз да ойдағыдай өтті. Жарыста қарсыластарымыздан озып кеткен сәт ерекше есте қалады. Біз өзіміздің діттеген мақсатымызға жеттік. Оған қасымдағы командаласымының мол тәжірибесі де әсер етті. Ол маған барынша көмектесіп, кеңесін айтты.
Сондай-ақ бүгін каноэ мен байдарка есуден жұптық сында қыздар құрамасы күміс
еншілесе, ерлер қолаға қол созды. Сондай-ақ, у-шудан Абдурашид Абдуллаев
финалда Иран өкілінен жеңіліп күміс жүлдеге ие болды. Спорттық гимнастикадан
Миллад Карими араға 32 жыл салып ел қоржынына Азия ойындарының күмісін сыйлады.
Бұдан бөлек, 19 жастағы семсерлесуші Кирилл Проходов жекелей сында екінші
орыннан көрінді. Ол шешуші кезеңде жарыс қожайыны, Олимпиада чемпионы Коки
Канодан 13:15 есебімен жеңілді. Жарыстар жалғасуда.
Автор
Асылбек Данияр
Читайте также
Все
Әлеуметтік қолдау – маңызды міндет
24.11.2026, 14:20
Ұлттық ұланда 200 өлең жазған сарбаз борышын өтеп жүр
24.11.2026, 14:17
Зерттеу нәтижесі: Қазақстандықтар елдің даму бағытын оң бағалайды
24.11.2026, 14:15
Спайкингке қарсы заңнамалық түзетулер әзірленеді
24.11.2026, 14:13
Трамп өлім жазасы үкімін тез орындауды тапсырды
24.11.2026, 14:10
Коррупцияға қарсы іс-қимыл – әділетті Қазақстанның негізгі шарты
24.11.2026, 14:08
₸1,1 млрд: Түркістан облысында субсидияны жымқыру бойынша тергеу жүруде
24.11.2026, 14:05
ЖИ-ді жауапкершілікпен пайдалану қажет
24.11.2026, 14:03