Басты Жаңалықтар ЖИ-ді жауапкершілікпен пайдалану қажет

ЖИ-ді жауапкершілікпен пайдалану қажет

Жасанды интеллект арқылы имамдардың атынан жалған мәлімдемелер таратып, бейне мен аудионы қолдан жасау діни құндылықтарды бұрмалайды. Мұндай дипфейктер конфессияаралық келісімге кері әсер етуі мүмкін. Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы мен ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесі бірлесіп ұйымдастырған жиында осы мәселе талқыланды.  Басқосуда діни салада жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану, жалған ақпарат пен цифрлық манипуляциялардың алдын алу жолдарын қарастырды. Бұдан бөлек, тарихи-мәдени мұраны сақтау, экологиялық волонтерлікті дамыту және жастарды киелі орындарды қорғау жобаларына тарту ұсынылды. Жиын соңында қатысушылар өзара ынтымақтастықты нығайта отырып, ортақ бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға уағдаласты.

Нұрлан Асанов, Астана қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы:

Тек қана бірбеткей болуға болмайды, қазіргі заманда. Жаһандану заманы ілгерілеп тұрғанда бір орында тұрып қалмауымыз керек. Біз қоғамдасыуымыз керек. Ел мен елді, ұлт пен ұлтты бірлестіруіміз керек.

Мақсат Байбеков, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңесінің әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар секторының бағдарламалар жетекшісі:

Бүгінде жасанды интеллектіні белсенді қолданамыз. Оның көмегімен дін көшбасшыларының сөздерін аударып, кең аудиторияға жеткізуге болады. Алайда дипфейк тарату, ақпаратты бұрмалау қаупі де бар. Әсіресе діни мазмұндағы ақпараттың бұрмалануы қоғамда түсінбеушілік тудыруы мүмкін. Сондықтан жасанды интеллектіні қолдануда этикалық жауапкершілік пен ақпараттың шынайылығын сақтау аса маңызды.

Бөлісу