Басты Жаңалықтар Спайкингке қарсы заңнамалық түзетулер әзірленеді

Спайкингке қарсы заңнамалық түзетулер әзірленеді

Қазақстан Халық Кеңесі мен Құрылтай депутаттары спайкингке қарсы күресті күшейту жөнінде бірлескен жұмыс жүргізіп жатыр.Спайкинг адамның тамағы мен сусынына қауіпті немесе психоактивті заттарды жасырын қосу.Тараптар мұндай әрекеттерге қатысты нақты құқықтық нормалар енгізіп, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік белгілеуді ұсынып отыр.Сонымен қатар полиция мен медицина қызметтерінің жұмысын үйлестіріп, улану деректерін жедел анықтау тетіктерін жетілдіру көзделген.

Мәди Мырзағараев, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:

Өзіміздің ұсыныстарымызды айтып, талқылап оларды мемлекеттік органдарға жолдаймыз. Бұл мәселенің көтеріліп отыруы тегін емес. Себебі, бұл күннен күнге өзекті мәселеге айналып барады. Бәрімізде ұл-қыз өсірген ата-аналармыз.

Бөлісу