Басты Жаңалықтар Шымкентте алимент бойынша қарыз ₸6 млд-тан асты

Шымкентте алимент бойынша қарыз ₸6 млд-тан асты

Шымкентте алимент бойынша берешек 6 миллиард теңгеден асты. Бір жылда қарыз көлемі тағы 2 миллиард теңгеге көбейген. Қазір сот орындаушыларының өндірісінде 14 мыңнан аса іс болса, оның ішінде ең ірі берешек 16 миллион теңгеге жеткен. Ал баласына тиесілі қаржыны төлемей жүргендердің 300-ге жуығы – әйелдер. Тіпті олардың кейбірінің қарызы 11 миллион теңгеге жуықтайды. Жыл басынан бері борышкерлерден 1,2 миллиард теңге өндірілген. Берешегін өтеуден жалтарған 163 адам әкімшілік қамаққа алынып, 100-ден астамына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Бауыржан Мырзалиев, Шымкент қаласы прокурорының көмекшісі:

104 борышкерге қатысты алимент төлмегені үшін ҚК 139-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеп-тексеру нәтижесінде 75 іс сотқа жолданды. Жалпы бұл бағытта одан бөлек рейдтік іс-шаралар да жүргізілуде. Ағымдағы жылы 15 борышкердің көлік жүргізу құралдары тоқтатылды.
Бөлісу