Маңғыстауда 16 күндік шақалаққа ота жасады
Маңғыстауда туғанына небәрі 16 күн болған нәрестеге күрделі нейрохирургиялық операция жасалды. Сәбиге медицинада сирек кездесетін диагноз қойылған. Бұл – туа біткен жұлын жарығы. Күрделі ота кезінде арнайы нейромониторинг әдісі қолданылып, баланың жүйке жүйесінің қызметі жіті бақыланды. Бұл дәрігерлерге өзгерістерді дер кезінде байқап, ықтимал асқынулардың алдын алуға мүмкіндік берді. Мамандардың үйлесімді жұмысының арқасында ота сәтті аяқталып, сәби үйіне шығарылды. Алдағы уақытта бала жоспарлы оңалтудан өтіп, дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12