Басты Жаңалықтар Конституцияға сай Үкімет отставкаға кетті

Конституцияға сай Үкімет отставкаға кетті

Конституцияға сай Үкімет отставкаға кетті. Жаңасы жасақталғанша бұрынғылар қызметін уақытша атқарады.

23 тамызда Құрылтай сайлауы өткен күні Президент, жалпы алып қарағанда, Үкіметтің жұмысын «жаман емес» деп сипаттады. Дегенмен өзгерістер болатынын ишаралаған.

Жұмадағы Құрылтай отырысында «Ата Заңға сәйкес Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады. Сондықтан Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң мен өздеріңізге Вице-президенттің және Премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгіземін. Содан кейін сіздермен ақылдасып, Үкімет мүшелерін тағайындаймын. Сонымен қатар жаңа лауазымды – Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындаймын», – деді Президент.

Құрылтай мен Үкімет құрамы толық айқындалған соң жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

Ал жаңа жоғары консультативтік орган – Халық Кеңесі қыркүйектің екінші жартысында жасақталатынын айтты.


Бөлісу