Фристайлшылардың бәсекесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фристайлшылардың бәсекесі басталды

06.02.2014
Фристайлшылардың бәсекесі басталды
Сочи-2014 Қысқы Олимпиада ойындарында фристайлшылардың бәсекесі де басталды. Могул бойынша әйелдер арасындағы іріктеу кезеңіне 30 спортшы қатысуда. Олардың ішінде қазақстандық Дарья Рыбалова мен Юлия Галышева бар.
 
Дарья Рыбалова жарыс жолына 9-шы болып, Юлия Галышева 14-ші болып шығады. Іріктеу кезеңін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.  
 
Сонымен қатар, бүгін ерлер арасынан мәнерлеп сырғанаудан командалық жарыс өтеді. Айта кетейік, командалық жарыс Олимпиадаға алғаш рет енгізіліп отыр.

Хабарламаларға жазылу