Алматыда самбодан Президент кубогы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда самбодан Президент кубогы басталды

24.01.2015
Алматыда самбодан Президент кубогы басталды

Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ерлер мен әйелдер арасында спорттық және әскери самбодан Әлем Кубогының кезеңдік бәсекесі басталды.

Биылдан бастап Азия ойындарының бағдарламасына енген бұл спорт түрі әлемнің барлық елінде жоғары деңгейде дамыған. Соңғы жылдары елімізде де самбомен айналысатындардың қатары көбейіп келеді.

Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын спортшылардың алғашқы күндегі нәтижесі жаман емес. Ел құрамасы бұл бәсекеде кемінде үш салмақта алтын медаль алуды мақсат етіп отыр.

Амангелді СЕЙІТХАН 

Хабарламаларға жазылу