Бүгінгі күннің бәсекесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгінгі күннің бәсекесі

10.02.2014
Бүгінгі күннің бәсекесі
Бүгін Сочиде өтіп жатқан  Олимпиада ойындарында 5 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
 
Олар фристайл, шорт-трек, тау шаңғысы және конькимен жүгіру.  Шорт-тректен ерлер 1500 метрлік бәсекені Астана уақыты бойынша 15.45-те бастаса, әйелдер 16.30-да  500 метрлік жарыс жолына шығады.
 
Бұл жарыста ел намысын   Айдар Бекжанов пен Денис Никиша және Инна Симонова қорғайды.
 
Ал, 19.00-де қазақстандық конькимен жүгіруші Роман Креч 500 метрлік бәсекеде бақ сынап көрмек. 20.00-де могул бойынша Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков және Дмитрий Бармашов іріктеу кезеңіне қатысады.  20.45-те шана спорты жарысына  Елизавета Аксенова қатысады.
 
Ал биатлоннан 12,5 шақырымдық із қуу сайысында Ян Савицкий мен  Сергей Наумик ойын көрсетпек. Бұл жарыстарды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде  ұсынады.

Хабарламаларға жазылу