Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды

01.04.2024

Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан жастар арасындағы халықаралық турнир басталды. Былғары қолғап бәсекесіне алыс-жақын шет елдерден және еліміздің барлық өңірінен жас спортшылар келді. Былтырдан бастап турнир бағдарламасына бұрымды боксшылар бәсекесі еніп отыр. 2000 жылы Сидней төрінде жарқ еткен спортшы Бекзат Саттарханов тірі болғанда биыл 34 жасқа толар еді.

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу