Қорғаныс министрі дауыс берді
Түрлі саланың министрлері де дауыс беріп жатыр. Мысалы, Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері елдің толыққанды азаматтары екенін және дауыс беру маңызды екенін атап өтті. Айта кетейік, дауыс беруге шамамен 130 мың әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері қатысып жатыр. Әскери бөлімдер мен мекемелерде 25 жабық сайлау учаскесі ұйымдастырылған.
Су ресурстары және ирригация министрі дауыс берді
Ал су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов дауыс беріп, бүгінгі сайлау ауқымды саяси реформалардың нәтижесі саналатын сәт екенін айтты. Ешбір реформа азаматтардың тікелей қатысуынсыз жүзеге аспайтынын, бүгін қазақстандықтар еліміздің алдағы даму бағытын айқындайтынын атап өтті.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі дауыс берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Астана қаласындағы №117 сайлау учаскесінде таңдау жасады. Ол Құрылтайға өтетін алғашқы сайлау барлық азаматтардың игілігіне бағытталған жаңа реформалардың бастау нүктесі болып, Қазақстанның қазіргі тарихында жаңа кезеңнің негізін қалайды-деді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы