Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
Шымкентте сайлаушылар қатары өткен референдумнан бері 18 мың адамға көбейді. Қазір мегаполисте дауыс беру құқығына ие 713 мыңнан астам азамат бар. Алдағы саяси науқанға дайындық барысын бағамдау үшін өңірге Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров барды.
Нұрлан Әбдіров учаскелердің дайындығын көрді. Кейін аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерімен кездесіп, негізгі мәселелерді талқылады.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
Сайлаушыларға, басқа қатысушыларға жағдай жасап отқан адамдардың саны 71 мың. Келіп, қатысып, өз дауысымды беремін дегендерге біз барлық жағдайды жасауымыз керек.
Шымкентте 365 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 24-і емхана, тергеу изоляторы мен қарттар үйі секілді жабық нысандарда орналасқан.
Берік Әшірбеков, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы:
Қала бойынша сайлаушылардың артуына байланысты 2026 жылдың екінші тоқсанында 28 сайлау учаскесінің шекаралары өзгертіліп, жаңадан төрт сайлау учаскесі ашылды.
Мүгедектігі бар 3 мың 638 азаматтың дауыс беруі үшін учаскелерге пандус, тактильді жолақ, арнайы кабиналар мен көзі нашшар көретін тұрғындарға арналған трафареттер қойылды. Сол күні 38 инватакси қатынайды.
Сәкен Мәжінбеков, №101 сайлау учаскесінің төрағасы:
Мүгедектігі бар азаматтаға арналған бұрышта барлық барлық қажеттіліктермен қаматамасыз етілген. Қажет етілетін құлақ естімейтіндерге, көзі көрмейтіндерге тактильді жолақтар, қоларба барлығы да жасалынған.
Сайлау күні Шымкентте онлайн сервистер іске қосылады. Тіркеуі жоқ тұрғындар үшін арнайы сервис 25 учаскеде, ал дауыс беру учаскесін тексеру қызметі 323 учаскеде жұмыс істейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы