МӘМС қаражатын қорғаудың жаңа жүйесі енгізіледі
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС қаражатын қорғаудың жаңа жүйесін енгізіп жатыр. Жыл басынан бері Қор анықтаған 72 заңбұзушылық бойынша 21 қылмыстық іс қозғалған. Жаңа жүйе күмәнді төлемдерді қаражат аударылғанға дейін анықтайды. Енді азаматтар өз атына көрсетілген медициналық қызметтерді тексеріп, заңбұзушылықтар туралы хабарлай алады. Қор өкілдерінің айтуынша, бұл тәсіл МӘМС қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Қор медициналық ұйымдарды алдын ала тексере бастады. Мамандар олардың лицензиясын, құрал-жабдықтарын және қызмет көрсету мүмкіндігін бағалап, мәліметтерді арнайы цифрлық жүйеге енгізеді.
Сәуле Тәжібаева, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры:
Бұрын болған бір құрылғыны лицензиялар алдында 2025 жылдан бері олармен шартқа отыру үшін біз ол базаны барып көреміз. Ол бұрын болмаған. Барып, комиссиямен шығып, өз көзімізбен ғимаратты, құралдарды көреміз. Міндетті түрде барып көз жеткіземіз. Қазір біздің мақсатымыз – Қалқан жүйесінде әртүрлі медициналық базаларды бір жүйеге келтіру. Жүйеде қазір авторизация жүріп жатыр. Ол жерде бүкіл ақпарат болады.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00