Әлем жаңалықтарына шолу
Әлемді елең еткізген өзге де жаңалықтарға тоқталайық.
Иран мен Оман Ормұз бұғазы бойынша келісімге қол жеткізді
Иран мен Оман Ормұз бұғазындағы кемелер бағыты бойынша келісім жасасты. Бұл мәміле осы стратегиялық дәлізден су көліктерінің қайта өтуіне мүмкіндік бермек. Оны қайта ашу мәселесі - Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздердің ең қиын тұсы
Инфантино футбол турнирлерін жекешелендіру жоспарынан бас тартты
Дүниежүзілік футбол федерациясы– ФИФА-ның президенті Джанни Инфантино Әлем чемпионатын жартылай жекешеленндіру жоспарын қателік деп мойындап, кешірім сұрады. Дегенмен, ол қолдаудың арқасында лауазымын сақтап қалған. Мұндай шешім ФИФА басқармасының Мароккода өткен отырысында қабылданды.
Грузияда жаппай электр жарығы өшті
Грузияда соңғы екі аптада 3 мәрте жаппай электр жарығы өшті. Ел астанасы Тбилиси мен бірқатар өңір жарықсыз қалған. Пойыз қатынасы тоқтады. Ал дәмхана, дүкен, мейрамхана иелері шұғыл түрде резервтегі генераторларды қосуға мәжбүр болды.
97 жастағы кейуана ұшақтың қанатына шығып, рекорд жаңартты
Ұлыбританияда 97 жастағы Бетти Бромейдж Гиннестің рекордтар кітабына қайта енді. Кейуана әуедегі ұшақтың қанатына шығып, өзінің бұған дейінгі рекордын жаңартқан. Бетти мұнымен тоқтамай, 100 жасында да осындай қайсарлыққа баратынын мәлімдеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы