Жыл басынан бері 700-ден астам адамды кене шаққан
Оңтүстікте аптап ыстықпен бірге кене де қаптады. Шымкентте жыл басынан бері кене шаққан 733 адам дәрігерге жүгінген. Қауіпті кезеңге байланысты өңірде зиянкеске қарсы кезекті улау жұмыстары басталды.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары кенеге қарсы кезекті улау жұмыстарын бастады. Шаһардағы 8 аумақ Конго-Қырым қанды қызбасы бойынша қауіпті деп танылған. Қазір жаппай қора-жайлар мен жайылымдар залалсыздандырылып жатыр. Бұл шаралар кене арқылы таралатын кеселдің алдын алуға бағытталған.
Динара Қалқабаева, қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің жетекші маманы:
Сол кгл дың вирусы, очагы бар. Сан зонада обработка жаслынса сол жердегі тұрған малдар басқа жаққа барғанда таза болып барады, кенелер жоқ болады. Бұл өңдеу жұмыстары мемлекет есебінег тегін жүргізіледі.
Ернұр Уәлихан, тілші:
Кенеге қарсы өңдеу жылына екі рет жүргізілгенімен, зиянкестерді толық жою оңай емес. Олар қора-қопсының жарықтары мен жаппалардың астында жасырынып қалуы мүмкін. Сондықтан қораны таза ұстап, көң-қоқысты уақытылы шығару маңызды. Бұл дәрінің тиімділігін арттырады. Ал аптап ыстықта кененің белсенділігі күшейетіндіктен, төрт түлікті уақытылы дәрілеткен жөн.
Биылғы науқанда 152 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануары бүрку және тоғыту әдісімен өңделеді. Бұдан бөлек саябақтар мен қора-жайларды қоса алғанда 4,2 миллион шаршы метр аумақ дәріленеді. Оған 18 маман мен 6 арнайы техника жұмылдырылған.
Ерлан Әденов, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы:
Залалсыздандыру жұмыстарына құрғақ және сұйы қпрепараттар қолданылды. Лабораториядан өткізілген, сертификаттары бар. Алам өміріне ешқандай бір зияны жоқ. Кенелерді барынша жоқ қылып жойып жібере алмаймыз, зиянды жәндіктердің белгілі бір мерзімге қимылдау қабілетін тоқтата тұрады.
Кенеге қарсы өңдеу жұмыстары қыркүйектің басына дейін жалғасады. Мамандар мұндай шаралар қауіпті азайтқанымен, кенені толық жою мүмкін емес екенін айтады. Сондықтан табиғат аясына шыққанда сақтық шараларын сақтап, кене шаққан жағдайда уақыт оздырмай дәрігерге қаралған жөн екенін ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы