Семейде құрылыс кезінде адам сүйектері табылды
Семейдегі бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағында адам сүйектерінің табылуына байланысты жаңа болжам пайда болды. Айта кетейік, бірер күн бұрын қалада салынып жатқан Жекпе-жек сарайының аумағынан, жер қазу кезінде адам қаңқасының бөліктері табылған болатын. Енді қала тұрғыны құрылыс алаңынан шыққан сүйектер сегіз жыл бұрын жоғалып кеткен әкесіне тиесілі болуы мүмкін деп күдіктенеді. Меруерт Нүрденованың айтуынша, марқұм жоғалар алдында стадионда күзетші болып жұмыс істеп жүріп, кезекті кезекшіліктің бірінен оралмаған. Содан бері із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Алайда бұл болжам әзірге расталған жоқ. Сүйек қалдықтары сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Ал құрылыс алаңында жұмыстары уақытша тоқтатылған.
Меруерт Нүриденова, Семей тұрғыны:
Сол жерден сүйек табылды дегеннен кейін, жоғалған жері болғандықтан, сондай күдік болды. Сараптаманы күтеміз, бір-екі айда хабарласыңыздар деп айтты. Бір жағынан басына барсақ деп ойлаймыз.
Саят Сартов, қалалық Полиция басқармасы, криминалдық полиция бөлімінің жедел
уәкілі:
Табылған сүйек қалдықтары олардың шығу тегін және жерленген уақытын анықтау мақсатында сараптамаға жіберілді. Полиция мұндай жағдайларда азаматтарды дереу ішкі істер органдарына хабарлауға және полиция қызметкерлері келгенге дейін өз бетінше ешқандай әрекет жасамауға шақырады.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10