Шымкентте талапқа сай келмеген 9 балабақша жұмысын тоқтатты
Шымкентте талапқа сай келмеген 9 балабақша жұмысын тоқтатты. Бұл - мемлекеттік білім беру тапсырысына жүргізілген мониторингтің қорытындысы. Тексеру барысында 283 балабақшаның жұмысы зерделеніп, бірқатар заңбұзушылық анықталды. Нәтижесінде 9 мекеме мемлекеттік тапсырыс алу құқығынан айырылды. Бүгінде осы жүйе арқылы шаһардағы 76 мыңнан астам бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып отыр. Ал жыл соңына дейін жекеменшік ұйымдар базасында тағы 3500 орын ашу жоспарланған.
Қуаныш Ысқақов, қалалық Білім басқармасының басшысы:
Мемлекеттік білім беру тапсырысына мониторинг аясында 71 мемлекеттік, 212 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар тексерілді, жұмысы зерделенді. Нәтижесінде талапқа сай келмейтін 9 ұйымның қызметі тоқтатылып, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру құқығынан айырылды.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Самұрық-Қазына» қолдауымен Третьяков галереясының көрмесі ашылды
09.10.2026, 17:27
Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі
09.10.2026, 17:23
Ұстаздық еткен жалықпас
09.10.2026, 17:22
Тарихшы: Жастарымыз тарихын білу керек
09.10.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
09.10.2026, 17:17
Зачаган кентінде даму және шығармашылық орталығы салына бастады
09.10.2026, 17:15
Санкция салдарынан Ресейде жұмыссыздық артты
09.10.2026, 17:11
Бельгияда үнемдеуге қарсы шерулетіп жатыр
09.10.2026, 17:10