ШҚО-да екі теміржол вокзалы жаңартылды
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалы толық жөнделіп, пайдалануға берілді. Олар - Күмістау және Алтай станцияларындағы тарихи вокзалдар. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жаңарған вокзалдар заманауи талаптарға сай. Күмістау станциясының вокзалы 1954 жылы салынған. Көне ғимаратқа соңғы рет 2013 жылы жөнделген. Ал Алтай станциясының вокзалына 15 жыл бұрын орташа жөндеу жүргізілген. Жаңарған екі вокзалдың да тарихи келбеті сақталып, инженерлік жүйелері толық ауыстырылды. Жылыту жүйесі заманауи қондырғылармен жабдықталып, алғаш рет автоматтандырылған желдету және ауа баптау жүйелері орнатылды. Шатыр, есік және терезелері жаңадан салынып ғимараттарда энергияны үнемді пайдаланатын қондырғылар қойылды. Жалпы, еліміз бойынша 124 теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы