Басты Жаңалықтар Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді

Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді

Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне мағыналы муралдар бейнеленуде. Заманауи туындыларда ұлттық болмыс пен қоғам үшін маңызды тақырыптар көрініс тапқан. Қала келбетіне жаңа реңк берген жоба жайлы әріптесім баяндайды.

Ернұр Уәлихан, тілші:

Шаһардағы көпқабатты тұрғын үй қабырғалары қазір суретшілердің кенебіне айналған. Әр композиция алдын ала дайындалған эскиз бойынша салынады. Тақырып та кездейсоқ таңдалмайды. Мұнда ұлттық құндылық, отбасы тәрбиесі мен табиғатты аялау идеясы көрініс табады.

Абылай Сүлейменов, суретші:

Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың бейнесі. Әкімшілікпен, барлығымен, халықпен талқылап, суретті таңдадық. Контур саламыз, эскиз набросок, содан кейін искуственный интеллектке салып, түстерін шығарып, заманауи сай келтіріп ежелгі уақытпен бірге ұйқастырып саламыз.

Ернұр Уәлихан, тілші:

Муралдар көпқабатты үйлердің келбетін ғана емес, тұтас көшенің көрінісін өзгертті. Ұлттық нақыштағы суреттер шаһардың сәулеттік келбетіне сән беріп, жұртшылықтың да ықыласына бөленіп үлгерген.

Әліби Сейілхан, қала тұрғыны:

Сыртынан да өте әдемі көрінеді, көрген адамға да ұнайды деп ойлаймын, шетелден келген адамдарға да ұнайды деп ойлаймын, және қазақи салт дәстүрді зерттеуге шақырады деп ойлаймын осындай сызбалар.

Фариза Мейірбек, қала тұрғыны:

Әсіресе мынау сурет маған қатты ұнады, таза Қазақстан деген. Бұл сурет адамдарды тазалыққа шақырады. Алдағы уақытта ана мен баланың және адалдық туралы бейнелейтін суреттерді қалаймын.

Жарылқасын Мәшбек, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары:

Тұрғындар тарапынан алғыс білдіріп жатқандар көп, неге десеңіз мынау үйдің қасбетін біз мурал ғана салып қоймай, осыны жаңартып та кетіп жатырмыз. Басқа үйдің де тұрғындары шығып біздің үйді салып бріңіздерші деген ұсыныстармен келіп жатады. Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады негізінен.

Кәсіби қылқалам шеберлерінің туындылары қоғамдық кеңістіктің ажырамас бөлігіне айналды. Қазір ұлттық нақыштағы туындылар көпқабатты үйлермен қатар дәл осындай көпірлер мен жолайырықтардың қабырғаларына да салынып жатыр. Жыл соңына дейін шаһар бойынша 50-ге тарта нысанның қасбетіне мағыналы муралдарды салу жоспарланған.

Бөлісу