Астанадағы Триатлон саябағында рейд жүргізілді
Елордалық полицейлер демалыс маусымында қоғамдық орындарда тәртіп пен тазалықты сақтауға ерекше мән беруге шақырады. Осы мақсатта Астанада саябақтар мен халық көп шоғырланатын демалыс орындарында профилактикалық рейдтер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл жолы тәртіп сақшылары мен аудан әкімдігі өкілдері Триатлон саябағында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жалпы қоғамдық орындарды ластау, скверлер мен саябақтарда коммуналдық қалдықтарды қалдырып кету фактілері бар. Мынау саябақтар мен скверлерде көп емес, бірақ өкінішке қарай, ондай деректер бар. Оған тиісті шараларды көреміз. Ескерту жұмыстары бар, заңды шара қолданатынымыз бар. Әркімнің жасаған құқық бұзушылығына сай айыппұлдар бар.
Ортаның тазалығына ерекше мән беру керек. Осындай тәрбие, үгіт жүргізсе, біздің болашақ жастарымыз бұдан да тәртіпті, бұдан да мәдениетті Таза Қазақстан құру үшін атсалысады. Өзіміз таза жүрміз, таза киініп жүрміз. Мынадай ортада, еліміздің Астанасында тазалық болмаса өте ұят. Сондықтан тазалықты ұрпағымыз үшін ерекше дәріптейміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы