«Астана арландарының» қарсыласы - «Russian Boxing Team»
Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында «Астана арландары» жігіттерінің ендігі қарсыласы - Ресей командасы. Екі команданың еншісінде әзірге 13 ұпайдан. Бүгін Алматыда қатысушылардың салмақ өлшеу рәсімі өтіп, кездесуге шығатын боксшылардың есімдері анықталды.
«Астана арландары» сапында 49 келі салмақтағы Алмат Исақұловты Мардан Берікбаев алмастырды. Оның қарсыласы - Белик Галанов. 56 келіде Мейірболат Тоитов пен Эдуард Абзалимовтың орнына шаршы алаңға Мәди Шолақов пен Никита Федорченко шығатын болды.
Қалған салмақтарда алдын ала белгілі болғандай, ел намысын Асхат Уәлиханов, Сергей Деревянченко, Василий Левит қорғаса, олардың қарсыластары Максим Дадашев, Петр Хомуков және Алексей Егоров болмақ.
Жекпе-жектердің көрсетілімі ертең «KAZsport» телеарнасында сағат 19.50-де басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 22:59
Жүлде қоры 100 мың доллар: Astana Hub Battle 2026 жеңімпаздары белгілі болды
03.10.2026, 22:49
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02
Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды
03.10.2026, 19:00
Digital Bridge: Астана технологиялық хабқа айналды
03.10.2026, 18:47