Сапасыз асфальт салған мердігер өз есебінен жол жабынын қайта төседі
Түркістан облысында мердігерлер құны 120 миллион теңге болатын асфальт жабынын өз қаражаты есебінен қайта төседі. Кемшіліктер арнайы зертханалардың тексерісінен кейін анықталған. Жыл басынан бері мамандар 500-ден астам сынама алып, бірқатар учаскеде сапа талаптарына сай келмейтін материалдардың қолданылғанын әшкере етті. Нәтижесінде жауапты компанияларға 10 миллион теңге айыппұл салынды.
Мейіржан Жалайыров, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
Ағымдағы жылы ұлттық сапа орталығымен жалпы 532 дана сынамалар алынып, оның 202-сі ұлттық стандарттарға сәйкес келмеген.
Сондай-ақ осы өңірде 360-тан астам білім, медицина және спорт мекемесі экологиялық заңнама талаптарын бұзған. Прокуратура тексерісі барысында олардың экологиялық рұқсат құжаттарын уақытылы рәсімдемегені немесе жаңартпағаны анықталды. Соның салдарынан жауапты лауазымды тұлғаларға 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Қазір аталған мекемелер қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы