Бокстан жастар арасында Азия чемпионаты басталды
Биыл жас боксшыларды екі бірдей ірі жарыс күтіп тұр. Оның бірі - Әлем чемпионаты болса, екіншісі жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары. Осы жауапты бәсекелер алдында дайындықтарын байқау мақсатында Азияның боксшылары Тайландта жиналды.
Телжан Күдеров, тілші:
Бұл жарысқа 17 мемлекеттен боксшылар келді. Додада қазақ елінің спортшылары да бақ сынауда.
Азия Бокс қауымдастығының мұрындық болуымен өтіп жатқан құрлық чемпионатының салтанатты ашылу рәсімінде ұйымдастырушылар өз тарапынан барлық сақтық шаралары қарыстырылғанын тілге тиек етіп, алаңдауға негіз жоқ екенін айтты.
Азиз Қожамбетов, Азия Бокс қауымдастығының бас хатшысы:
Чемпионатты өткізуге қала басшылығы келісімін беріп, сақтық шаралары қарастырылған.
Қазақстандықтар сапынан Азия чемпионаты басталған күні 49 келідегі Ертуған Зейнелов, 60 келідегі Абылайхан Жүсіпов бірінші айналымнан сүрінбей өтсе, екінші жарыс күні шаршы алаңға көтерілген 4 боксшымыздың барлығы да өз жекпе-жектерін жеңіспен аяқтады.
56 келі салмақта өте шиленісті кездесуде жерлесіміз Сұлтан Зауырбек өзбекстандық қарсыласына еш амал қалдырмай, өз басымдылығын байқатты. 64 келі салмақта жеткіншектер арасында Әлем чемпионатында жүлде алған Аян Қалибеков палестиналық боксшымен шаршы алаңға шығып, өзінің шын шеберлігін байқата білген жерлесіміз кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
Аян Қалибеков, бокстан Қазақстан жастар құрамасының мүшесі:
Біздің мақсатымыз - тек қана алтын медаль. 10 боксшы келдік.
Сол секілді 69 келі салмақтағы Ильия Очкин шаршы алаң иесінен мықты екендігін байқатса, 91 келі салмақтағы Темірлан Қабиев те кореялық қарсыласынан басым түсті. Сонымен, 8 боксшымыз ширек финалға жолдама алды.
Телжан КҮДЕРОВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06