Үздіктер жүлде алды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үздіктер жүлде алды (ВИДЕО)

24.01.2014
Үздіктер жүлде алды (ВИДЕО)

Бүгін Елордада Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі 2013 жылдың үздіктерін 32 номинация бойынша марапаттады. Жылан жылы аянбай еңбек етіп, ел абыройын шетел ареналарында асқақтатқан саңлақтар, оларды жеңіске жігерлерлендіріп жаттықтырған бапкерлер, сондай-ақ, спортшыларымыздың жетістіктерін көрерменге жеткізуден шаршамаған БАҚ өкілдері салтанатты кеште бас қосты. 

 
Өткен жыл спорт саласы  үшін толағай табыстарға толы жыл болды. Конькимен жүгіру спортынан Әлем чемпионы Денис Кузин, бокстан қазақ жерінде өткен Әлем чемпионатында алтын медальді мойындарына таққан 4 бірдей былғары қолғап шебері -  Біржан Жақыпов, Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы, Мерей Ақшалов және   «Қазақстан барысы» Айбек Нұғымаров «Жыл спортшысы» атанды.
 
Айбек Нұғымаров, Жыл спортшысы:
Биылғы жылы да осы жеңісті қайталаймын, деген үміттемін.  Осы жүлдеге ие болып жатқаныма қуаныштамын.
 
Спорттағы әрбір жеңістің соңында дұрыс бағыт-бағдар беріп жүрген жаттықтырушының үлкен еңбегі жатыр.  Жоғары санаттағы спортшыларды тәрбиелеген бір топ бапкерлер де назардан тыс қалмады.
 
Спорт агенттігі журналистер арасында жылда ұйымдастыратын арнайы байқаудың  қорытындысы да осында  жарияланды.
 
Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегері – Дүрәлі Дүйсебай мен Күнсұлтан Отарбай, «KAZsport» телеарнасының екі бірдей қызметкері арнайы номинацияға ие болды. Ермек Төрениязов  «Үздік комментатор» атанса,  Индира Бектенова «Үздік жоба авторы» атанды.
 
Ермек Төрениязов, «KAZsport» телеарнасының редакторы:
Осыдан жарты жыл бұрын ақпарат әлеміне жол тартқан «KAZsport» телеарнасының алғашқы эфирін Индира Бектенова екеуіміз жүргізген едік. Бүгін марапатқа ие болып отырмыз. Бұған әрине, әріптестеріміздің қосқан үлесі зор.
 
Индира Бектенова, «KAZsport» телеарнасының редакторы:
Бұл -    «KAZsport» телеарнасының бірлігі мен тірлігі жарасқан ұжымының жемісі. Диас Ахметшәріп бастаған команда алда да жеңістерге жете береміз, деп ойлаймын.
 
Нұрсұлтан Құдайбергенұлы:
Дәл осындай жүлде спортшыны, бапкерді және спортты насихаттап жүрген журналистерді жаңа бір ерлікке жетелейді, жігерлендіреді. Бірі қоржынды алтын медальға толтыруды мақсат етсе, енді бірі бұқаралық спортты дамытуға күш салатын болады.
 
Нұрсұлтан ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу