Түркістан облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
Түркістан облысында алимент төлеуден жалтарған 5 азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тағы 50 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Прокурорлардың мәліметінше, олардың бірқатары еңбекке жарамды бола тұра, ұсынылған жұмыс орындарына әдейі орналаспаған. Заң талаптарын қасақана елемей, өз перзенттеріне тиесілі қаржыны төлеуден түбегейлі бас тартқандар жазадан құтылмайды дейді мамандар.
Бақдәулет
Тәжімет, Сарыағаш ауданы прокуратурасының прокуроры:
Алимент төлемеу – тек сот шешімін орындамау ғана емес, сонымен қатар бұл өз баласының заңды құқықтарын өрескел бұзу. Прокуратура алимент төлеуден жалтарған әрбір борышкердің әрекетіне қатаң құқықтық баға беріп, олардың заңда көзделген жауаптылыққа тартылуын қамтамасыз етеді.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада жас ғалымдар күлден тас төсеніштер шығарды
23.11.2026, 20:30
Елордада 17 дизайнер өз топтамасын ұсынды
23.11.2026, 20:11
Аудандық ауруханалардың мүмкіндігі кеңейеді
23.11.2026, 20:08
Президент цифрлық экономиканы дамыту туралы Жарлыққа қол қойды
23.11.2026, 20:08
Соңғы 7 жылда 312 жаңа мәдениет нысаны салынды
23.11.2026, 20:06
Бейнеу ауруханасына 42 жылдан кейін күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр
23.11.2026, 20:06
Президентке Құрылтай жұмысының нәтижелері баяндалды
23.11.2026, 20:05
Жолдау: Байыпты бастамалар халықтың әл-ауқатын арттырады
23.11.2026, 20:04