Самбо Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Самбо Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді

19.01.2014
Самбо Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді
Азияның Олимпиадалық кеңесі самбоны Азия ойындарына енгізу туралы шешім қабылдады. ИТАР-ТАСС-тың хабарлауынша, енді бұл шешімді Бас ассамблеяның отырысында ратификациялау қажет.
 
Азия Олимпиада одағының президенті Ахмад әл-Фахад әл-Сабах: «Бәріміз де самбоның Азияда, әсіресе, оның орталық бөлігінде кеңінен танымал екендігін жақсы білеміз. Осыған байланысты, Азия самбо одағы мойындалып, спорттың бұл түрін Азия ойындарының бағдарламасына енгізуді қолдаймын», - деді.
 
Одақ басшысының сөзіне қарағанда, бұл Азия Олимпиада одағының, Азия самбо одағының және осы саладағы Халықаралық федерацияның арасындағы қарым-қатынасты дамытудағы алғашқы қадамы.

Хабарламаларға жазылу