Бүгін Қытайда XIX Азия ойындарының алауы жағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Қытайда XIX Азия ойындарының алауы жағылды

15.06.2023

Бүгін Қытайда XIX Азия ойындарының алауы жағылды. Бұл – құрлықтық ойынның ашылуына 100 күн қалғанын білдіреді. Жарыс 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Спорттық дода негізі былтыр өтуі тиіс болған. Алайда ұйымдастырушылар пандемияға байланысты бір жыл кейінге шегерді. Азия ойындарының бағдарламасына спорттың 40 түрі енген. Киберспорт пен брейк-данс жарыстары бірінші рет өткелі жатыр. Құрлықтық бәсекеге Азия елдерінен 12 мың адам қатысады, соның ішінде Қазақстан спортшылары да бар.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу