Қазақ күресі Азия және Еуропа ойындарының кестесіне ене ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ күресі Азия және Еуропа ойындарының кестесіне ене ме?

23.02.2016
Қазақ күресі Азия және Еуропа ойындарының кестесіне  ене ме?

Жуырда Түркияның Стамбул қаласында Дүниежүзілік күрес түрлері қауымдастығының  форумы өтті. Осы жиында қазақ күресі жабық ғимаратта өтетін Азия ойындарының бағдарламасына кірді. Бұл жарыс 2017 жылы Түрікменстанның астанасында өтеді.

Осы орайда бүкіләлемдік қазақ күресі федерациясы осы жылдың 22-24 маусым күндері Ашхабадта төл күресімізден сынақ түрінде белдесулер өткізуді жоспарлап отыр. Стамбулдағы жиында Қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Марат Оразбайұлы төл күресіміздің тарихы, қазіргі кезде даму деңгейі туралы баяндама жасады.

«Әлем бойынша 100-дей күрес түрі бар. Азия, Африка, Оңтүстік, Солтүстік Америка, Еуропада. Стамбулда солардың  50 түрі көрсетілді. Айта кету керек, Қазақстан барысы, Әлем барысы, Еуразия барысы додалары қазақ күресінің деңгейін көтерді. Себебі, 120 мемлекетке трансляция жасалды»,-дейді ол.

Жиында Қазақстан өкілінің баяндамасы көптің көңілінен шығып, ұлттық күресіміз бірауыздан жабық ғимаратта өтетін Азия ойындарының бағдарламасына қосылды.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу