Жамбыл облысында құсбегілердің 6-шы ел чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында құсбегілердің 6-шы ел чемпионаты басталды

18.01.2014
Жамбыл облысында құсбегілердің 6-шы ел чемпионаты басталды

Жамбыл облысында құсбегілердің 6-шы ел чемпионаты басталды. Жастар арасында ұйымдастырылған бәсекеде, еліміздің 7 облысының мықтылары шеберліктерін ортаға салды. Бастапқы күннің қортындысы бойынша Алматы облысымен Астана қаласының командасы жеке дара топ бастап келеді.

 
Хуан Бернабе, испаниялық құсбегі. Қазақстанға осымен екінші мәрте табан тіреп отыр. Өткен жылы Алаш астанасында ұйымдастырылған Халықаралық бәсекеде еуропалық бүркітшелердің тәсілін барша жұртқа танытқан болатын. Ал, Әулиеата жеріне қазақстандық бүркітшілермен тәжірибе алмасуды мақсат тұтып келіпті. 3000 жылдық тарихы бар өнердің қыр-сырын жетік меңгергісі келеді.
 
Хуан Бернабе, испаниялық құсбегі:
Құсбегілік өнер алғаш қазақ жерінде қарқын алған. Бұл тек, менің ғана пікірім емес. Ғалымдардың зерттеуі осыны нақты айқындап берді. Біздің Сіздерден үйренеріміз өте көп. Мәселен, қазақ бүркітшілері, құз басынан қыран құстың балапанын алып үйретеді. Осы тәжірибе бізге  де қажет.
 
Ережеге сәйкес, жарыстың алғашқы күні, құсбегілер құс патшасын қолға шақырып, шырғаға салып көрді. Бұл сында бәсекенің ең жас қатысушысы Серікболсын Жалғасұлының өнері жанкүйерлерін бір серпілтті. Ақжелкен атты аспан еркесі 300 метр арақашықтықтан жемтігін анық байқап, 15 секундқа жеткізбей жұлып түсірді.
 
Серікболсын Жалғасұлы, жас құсбегі:
Бұл құсты әкем үйретіп бастады. Мен кішкентай кезімде қаршыға алғанмын. Осы әкемнің құсын үйретіп жүргеніме бір жыл болды.
 
Жарыстың нағыз хас жүйрігін анықтау үшін ел чемпионаты ертең де жалғасын табады. Нағыз бабына келген қыран құсты түлкімен шибөріге салу жоспарланып отыр.
 
Нұрсұлтан ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу