Басты Жаңалықтар Байланыс операторларына талап күшейеді

Байланыс операторларына талап күшейеді

«Автоқоңыраулар» тоқтайды. 28 маусымнан бастап байланыс операторларына мұндай хабарлау түрін қолдануға толық тыйым салынбақ. Оның орнына қоңырау шалынғаны туралы хабарлама жіберілмек. Байланыс қызметтерін көрсету ережесіне өзгеріс енгізілді. Бұл түзету мобильді операторларға талапты күшейтеді. Келер аптадан бастап абоненттің рұқсатынсыз қосымша ақылы қызметтерді қоса алмайды. Сонымен бірге, жарнамалық және ақпараттық хабарламалардан бас тарта алады. Тағы бір маңызды жаңалық - 14 жасқа толмаған балаларға SIM-карта рәсімдеу тәртібі өзгереді. Енді ата-анасы немесе заңды өкілі биометриялық тексерістен өткеннен кейін ғана баласына нөмір ала алады. Бір баланың атына тек бір SIM-карта тіркеледі. Министрлік өкілдері жаңа ереже тұтынушылардың құқығын қорғауға және цифрлық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.


Бөлісу