Басты Жаңалықтар Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда $48 миллиардтан асты

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда $48 миллиардтан асты

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы рекордтық деңгейге жетті. Былтыр екі ел арасындағы сауда көлемі 48 миллиард доллардан асты. Ал тартылған инвестиция 2,8 миллиард долларға жетіп, екіжақты қатынастар тарихындағы ең жоғары көрсеткіш ретінде тіркелді. Ендігі мақсат тауар айналымын екі есеге арттыру. Бұл туралы Үкімет басшысы Қытайдың Мемлекеттік кеңесінің Премьерімен кездесуінде айтты. Тараптар қазақ-қытай ынтымағын одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Екі ел алдағы кезеңде инвестициялық байланысты тереңдетіп, жоғары қосылған құны бар өндірістерді дамытуға басымдық бермек. Сондай-ақ көлік дәліздерін кеңейту, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және жаңа сауда бағыттарын қалыптастыру мәселелеріне де тоқталды. Олжас Бектенов Қазақстан Қытайдың сенімді экономикалық серіктесі ретінде ірі бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Олжас Бектенов, Премьер-министр:
Қазіргі уақытта екіжақты қатынастар мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік рухында дамып, жаңа «алтын отызжылдық» кезеңіне қадам басуда. Біздің елдеріміздің көшбасшылары құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Си Цзиньпин арасындағы жеке достық байланыстары мемлекетаралық қарым-қатынастардың үздік үлгідегі орнықты дамудың қозғаушы күші болып табылады. Қытай – Қазақстан экономикасындағы ең ірі 5 инвестордың қатарына кіреді және шамамен 30 млрд доллар көлемінде инвестиция салды.
Ли Цян, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері:
Президенттердің басшылығымен Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік жаңа деңгейге шықты. Уақыт өте ол мазмұнды және нақты бола түсуде, мол нәтиже әкеліп, шынайы ынтымақтастықтың және өзара тиімді іс-қимылдың үлгісіне айналуда. Шиеленіскен халықаралық жағдайға қарамастан Қытай мен Қазақстан тату көрші, сенімді серіктестер бола отырып. Екі елдің дамуына бірлесе атсалысып, жан жақты байланыстар мен үйлестіру шараларын одан әрі нығайта түсуі тиіс.

Бұдан бөлек Даляньдағы «Бір белдеу, бір жол» бастамасына арналған сессияда Олжас Бектенов Қазақстанның 1,7 млрд тұтынушысы бар нарыққа маңызды көпір екенін атап өтті. Соңғы 7 жылда еліміз көлік-транзит инфрақұрылымына 35 млрдтан астам инвестиция салып, Ақтау контейнерлік хабы мен Сиань құрғақ порты сынды ірі жобаларды іске қосты. «Бір белдеу, бір жол» бастамасын дамыту үшін инфрақұрылымды жақсарту, цифрландыру, «жасыл» энергетика және сауда-қаржы тетіктерін кеңейту басымдыққа ие. Бұл шаралар екі ел арасындағы тауар айналымын арттырып, өңірлік экономикалық байланысты нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ Қазақстан бұл бағытта сенімді серіктес ретінде ауқымды жобаларды жүзеге асыруға дайын, - деді Премьер-министр.

Бөлісу