Шымкентте интернет-алаяқтар қолға түсті
Шымкенттік тұрғын интернет алаяқтардың арбауына түсіп 3,5 миллион теңгесінен айырылды. Оған WhatsApp арқылы досының атынан шұғыл қаржылай көмек қажет деген хабарлама келген. Ер адам көрсетілген банк шотына қомақты қаржыны еш күмәнданбастан аударған. Кейін алаяқтықтың құрбаны болғанын түсінген азамат тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер 6 адамды ұстады. Тінту барысында жалдамалы пәтерден 19 SIM-карта, 11 ұялы телефон және планшет тәркіленді. Бұдан бөлек күдіктілердің Астана мен Шымкент қалаларында жасалған екі алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 7,5 млн теңге. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Самұрық-Қазына» қолдауымен Третьяков галереясының көрмесі ашылды
09.10.2026, 17:27
Алтын Орда тарихын заманауи форматта насихаттағандар марапатталды
09.10.2026, 17:25
Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі
09.10.2026, 17:23
Ұстаздық еткен жалықпас
09.10.2026, 17:22
Тарихшы: Жастарымыз тарихын білу керек
09.10.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
09.10.2026, 17:17
Зачаган кентінде даму және шығармашылық орталығы салына бастады
09.10.2026, 17:15
Әлемде туу көрсеткіші төмендеп келеді
09.10.2026, 17:13