Әлеуметтік желіде алауыздық тудырғандар жазаланады
Әлеуметтік желі арқылы қоғамда алауыздық пен арандатушылықты қоздыратын жарияланым мен пікір авторлары заңға сәйкес жауапқа тартылады. Бас прокуратура осы сипаттағы ақпарат таратқандарға қатысты жаза қатаң екенін ескертеді. Кінәлі адам әрекетінің ауырлығына қарай 2 мыңнан 7 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлейді. Не болмаса 2 жылдан 20 жылға дейін қамалуы немесе бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалуы мүмкін. Сонымен бірге онлайн-платформаларда құқыққа қайшы контент орналастырғандар 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалайды. Бас прокуратура мұндай жарияланымдардың авторлары ғана емес, таратқан адамдар да заң алдында жауап беретінін еске салады. Сондай-ақ тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге, қоғамда алауыздық тудыратын материалдарды жариялаудан бас тарту керегін айтады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы