Автожолдар бойына 250 сервис кешені салынады
Елімізде алдағы 4 жылда 250 сервис стансасы салынады. Кешен халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар бойында ашылады. Бұл – жай ғана тұрақ емес, ұзақ жолда жүрген жолаушылар мен жүргізушілер үшін қажеттінің бәрін топтастырған көпфункционалды қызмет көрсету орталығы. Үкімет басшысы жобаны іске асыру бойынша инвестициялар туралы келісімді мақұлдап, тиісті қаулыға қол қойды. Құны 180 млрд теңгеге жуықтайды. Биылдың өзінде алғашқы 50 нысан пайдалануға берілмек. Мұнда таза санитариялық тораптар, асхана мен дүкендерден бөлек, электрлі көліктерге арналған қуаттау бекеттері болады. Қазір, ел бойынша 1400-ден астам сервис стансасы бар болғанымен, жаңа кешендер халықаралық стандарттарға толық сай болады.
Бақтияр Жамбыл, Көлік министрлігі автомобиль жолдары комитеті төрағасының
орынбасары:
Мемлет басшысының инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасын орындай мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті қаулыға сәйкес, Көлік министрлігі мен «Car Park» ЖШС инвестиция туралы келсімге қол қойылды. Бұл объектілерді салған кезде 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Қызмет көрсету дамиды және туризм саласы дамитын болады.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесуден жеңген спортшылар елге оралды
20.10.2026, 13:17
Алматыда ЖИ-ді дамытатын 2 ірі орталық ашылады
20.10.2026, 13:12
Павлодарда өрт сөндіруші роботты сынады
20.10.2026, 13:10
Астанада Ұлттық ұланның патрульдік бекеттері ашылды
20.10.2026, 13:09
Ыстанбұлда селге себеп болған ғимараттар сүріледі
20.10.2026, 13:07
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
20.10.2026, 13:05
Ақтауда салынған жедел жәрдем станциясы сапалы қызмет көрсетуде
20.10.2026, 13:03
Әлемдік рейтинг: Қазақстан – Орталық Азиядағы ең қолайлы ел
20.10.2026, 13:02