Түркістан облысында тау-шаңғы шипажайы салынады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында экотуризмді дамытуға арналған көшпелі кеңес өткізді. «Сайрам – Өгем» ұлттық паркінде ұйымдастырылған жиынға 50-ден астам отандық және шетелдік инвестор қатысты. Кеңесте туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірқатар жобалар таныстырылды. Соның бірі – құны 172 миллиард теңге болатын Kaskasu халықаралық тау-шаңғы кластерінің тұжырымдамасы. Бұл бастама Түркістан облысын Орталық Азиядағы жетекші тау туризмі орталықтарының біріне айналдыруды көздейді. Нұрлыбек Нәлібаев инвесторларға жобаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде іске асыруды тапсырды.
Нұрлыбек Нәлібаев, Премьер-министрдің бірінші орынбасары:
Кейбір кәсіпкерлердің эскиздерін қарап-ақ, үлкен сұрақтар туындап жатыр. Қатаң зерттеп, талдап шығу керек. Бірден 49 жылға бере салмаймыз. Мерзім болады, сол мерзімде салмаған жағдайда біз өзіміз қайтарып аламыз.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Самұрық-Қазына» қолдауымен Третьяков галереясының көрмесі ашылды
09.10.2026, 17:27
Алтын Орда тарихын заманауи форматта насихаттағандар марапатталды
09.10.2026, 17:25
Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі
09.10.2026, 17:23
Ұстаздық еткен жалықпас
09.10.2026, 17:22
Тарихшы: Жастарымыз тарихын білу керек
09.10.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
09.10.2026, 17:17
Зачаган кентінде даму және шығармашылық орталығы салына бастады
09.10.2026, 17:15
Әлемде туу көрсеткіші төмендеп келеді
09.10.2026, 17:13