Хоккей: «Барыс» буллитте «Салават Юлаевты» жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хоккей: «Барыс» буллитте «Салават Юлаевты» жеңді

17.01.2024

«Барыс» буллитте «Салават Юлаевты» жеңді. Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойын елордада өткен болатын. Қатарынан төрт мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан астаналық клуб бұл жолы барын салды. Негізгі кезең 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда да жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте «Барыстың» жолы болды. Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Енді «Барыс» 19-қаңтарда Мәскеулік ЦСКА-мен кездеседі. Ал 22 қаңтарда Екатеринбордың «Автомобилисімен» бақ сынасады.

Хабарламаларға жазылу