Шымкентте қала күніне орай бірнеше саябақ пайдалануға берілді
Шымкент әуежайы халықаралық жүк тасымалының орталығына айналады. Бұл бағытта екінші ұшу-қону жолағының құрылысы жүріп жатыр. Ауқымды жобаның жүзеге асу барысымен Премьер-минстрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев танысты. Сонымен қатар ол шаһардағы ірі өндіріс орындары мен заманауи оңалту орталығын аралады.
Халықаралық әуежайды мультимодальды хабқа айналдыру бағытында екінші ұшу-қону жолағының құрылысы жүріп жатыр. Стратегиялық нысандағы құрылыс жұмыстарының барысын Премьер-Министрдің бірінші орынбасары тексерді.
Ролан Ибрагимов, Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
Аталған ұшу-қону жолағының ұзындығы 3,9 шақырым болады. Ені 75 метр. Бұл барлық тип самалеттарды қабылдауына мүмкіндік болады. Арнайы экономикалық зона болады және ТЛЦ кеңейтіледі.
Нұрлыбек Нәлібаев шаһардың өндірістік әлеуетімен де танысты. Керамика өндірісі мен трансформатор шығаратын зауытты аралады. Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасымен салынып жатқан 150 орындық оңалту орталығына да бас сұқты.
Айдын Нәшенов, Қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:
Құрылыстың дайындығы 65-70% шамасында. Оңалту орталығы болғандықтан бассейн бар, спорт залы бар. Арнайы палаталар бар. Жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары мен мегаполис басшысы қаладағы бірнеше саябақтың ашылу рәсіміне де қатысты. Атап айтқанда бұрынғы қоқыс полигонының орнына салынған «Эко парк» пайдалануға беріліп отыр. Бұл нысан «Таза Қазақстан» экологиялық акцисы аясында жүзеге асқанын айта кету керек. Сондай-ақ қала күніне орай күрделі жөндеуден өткен «Сити парк» пен «Жапон саябағы» ел игілігіне берілді.
Жанбота Сапарбекова, қала тұрғыны:
Соңғы уақытта өте күшті ашылып жатыр. Біздің үй жақта да ашылған. Өте әдемі. Кірсең шыққың келмейді.
Мерекелік шара елге танымал эстрада жұлдыздарының қатысумен өткен гала-концертке ұласты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы