ӘЧ: Футбол шолуы
Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы тур аяқталды. Бірінші ойындардың өзінде күтпеген нәтижелер тіркелді. Әлемдік футболдың алпауыттары саналған құрамалардың кейбірі басымдық таныта алмаса, дебютанттар мен аутсайдерлер фавориттерге лайықты қарсылық көрсетті. Тақырыпты әріптесім жалғастырады.
Алыптардың алғашқы сынағы! Стадион толы жанкүйер. Көбі – Португалияға болысып
келгендер. Конго құрамасы да осал еместігін көрсетті. 52 жылдық үзілістен кейін
алаңға оралып, белсенділік танытты. Матчтың 6-минутында Португалия құрамасы
есеп ашты. Жуан Невеш айып алаңына көтерілген допты баспен қақпаға дәл
бағыттап, командасын алға шығарды. Бірінші тайм аяқталар тұста Конголық Йоан
Висса таразы басын теңестірді. Ойынның екінші жартысында таблодағы есеп
өзгеріссіз қалды. Осылайша, аутсайдер саналған Конго құрамасы Португалияны жеңе
алмаса да, жеңілген жоқ.
L тобындағы Англия мен Хорватия арасынағы матч тартысты өтті. Алғаш болып
Англия құрамасы есеп ашты. Хари Кейн пенальтидегі мүмкіндікті мүлт жібермеді.
Алайда көп ұзамай хорватиялықтар таразы басын теңестіріп кетті. Матчтың
42-минутында Кейн дубль жасап құрамасын алға шығарғанымен, бірінші таймның
аяқталуына жақын қалғанда Хорватия екінші голын соқты. Үзілістен кейін Джуд
Беллингем Англияны алға шығарды. Ысқырық естілер сәт жақындағанда ағылшындар
төртінші голын соқты.
Ал Гана мен Панама арасындағы матчтың тағдырын 95-минуттағы Калеб Ийренкидің
жалғыз голы шешті. Төреші ысқырығына дейін басымдық іздегендердің еңбегі
ақталды.
Таң атысымен азиялық жанкүйерлердің назары Өзбекстан мен Колумбия арасындағы
матчқа ауды. Дебютанттар барынша ұпай олжалауға тырысқанымен, Колумбия құрамасы
тізгінді бермеді. Ойынның 42-минутында Даниэль Мехия есеп ашты. Екінші таймда
Аббосбек Файзуллаев таразы басын теңестіргенімен, арада 5 минут өткенде Луис
Диас Колумбияны қайта алға шығарды. Қосымша уақытта Колумбия тағы бір гол
соғып, ойынды 3:1 есебімен жеңіспен аяқтады.
Бүгін әлем кубогы топтық кезеңінің екінші тур ойындарымен жалғасады. Қазақстан
уақытымен 20:50-де А тобында Чехия Оңтүстік Африка Республика құрамасымен
кездеседі. 23:50-де В тобында Швейцария мен Босния және Герцеговина матчы
басталады. Ал түнгі 02:50-де Канада Қатарға қарсы ойнайды. Ертең таңғы 05:50-де
Мексика мен Оңүстік Корея командасы шеберлік байқасады. Әдеттегідей мачтарды
«Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қысқа жаңалықтар жиынтығы
18.06.2026, 17:30
Абай облысындағы «Жасыл ел» жобасына қатысушылар көбейді
18.06.2026, 17:25
Кардифф университеті кампусының ашылғанына 1 жыл толды
18.06.2026, 17:20
Ғалымдар Каспий теңізін бақылайтын цифрлық жоба дайындады
18.06.2026, 17:17
Жалған нөмір таққан 500-ден аса көлік анықталды
18.06.2026, 17:12
Иран мен АҚШ 60 күндік бітімге келді
18.06.2026, 17:10
Әскери қызметшілер тұрғын үй төлемдерін өз еркімен пайдаланады
18.06.2026, 17:07
ТМД елдері арасында әскери әріптестік нығаяды
18.06.2026, 17:05