Сочи Олимпиадасы спортшылар үшін үлкен сын
Сочи Олимпиадасы жақындаған сайын спортшыларымыздың дайындығы да қыза түсті. Бәсеке алдында ел намысын қорғайтын сайыскерлермен баспасөз мәслихаты өтті. Олардың дайындықтары мен алға қойған мақсаттары турасында тілші баяндайды.
Олимпиадаға осал спортшы бармайды. Қанша уақыт бойы кеткен күш пен еткен еңбектің нәтижесі шығады бұл күні. Сондықтан да бәрінің мақсаты - бірінші болып жету. Біздің елдің атынан баратын спортшылар ел үмітін ақтауға қолдан келгенше тырысамыз, дейді.
Владимир Борцов, Шаңғы жарысынан ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы:
Бір қиын болып тұрғаны ондағы ауа райының қолайсыздығы. Температура тез өзгеріп тұрады. Жолдары да сырғанауға өте ауыр. Дегенмен біздің спортшыларымыз да үлкен мектептен өткен, тәжірибелі шаңғышылар. Бәрі де жеңіске жету үшін аянып қалмайды.
Олимпиада ашылуында қазақ елінің туын шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап шығады. Спортшы өзіне артылған сенім мен жауапкершілікті сезінеді. Қазір күніне 3,5 сағат жаттығуда. Алғашқы ондыққа кіретініне сенімді. Жеңістен де үміті жоқ емес.
Ердос Ахмадиев, шаңғышы:
Дайындық жақсы. Оқу-жаттығу жиыны тауда өтіп жатыр. Қазақстан Туын алып шығу маған бұйырыпты. Мен қуаныштымын. Сочиде жеңіс тұғырына шығуға тырысамын.
Жеңіске жетуге бәрінде де мүмкіндік бар. Әсіресе, өз жерінде болған соң ресейлік спортшылары бар күшін салары анық. Соған қарамастан осы Олимпиададан біз де жаңа чемпиондар күтеміз.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 22:59
Жүлде қоры 100 мың доллар: Astana Hub Battle 2026 жеңімпаздары белгілі болды
03.10.2026, 22:49
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02
Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды
03.10.2026, 19:00
Digital Bridge: Астана технологиялық хабқа айналды
03.10.2026, 18:47