Шымкентте көлік тұрағының орнына пальма өсіріп қойды
Шымкентте бұрынғы көлік тұрағының орны банан мен пальма ағаштары жайқалған аллеяға айналды. Жергілікті кәсіпкер аумақты өз қаражатына көгалдандырып, ерекше ландшафттық жобаны жүзеге асырған. Оның айтуынша, мегаполистің жылы климаты экзотикалық өсімдіктердің тез жерсініп, өсіп-өнуіне қолайлы. Мұнда тропикалық ағаштармен қатар магнолия, ақ қайың, шырша, арша, гортензия және сәндік гүлдер отырғызылған. Бірнеше ай бұрын егілген көшеттер бүгінде тамыр жайып, көрік беріп тұр. Тәжірибе оң нәтиже берсе, кәсіпкер мұндай жасыл кеңістіктерді көбейтуді жоспарлап отыр.
Данияр
Әзімбаев, кәсіпкер:
Біз бұл жобаны «Таза Қазақстан» акциясы аясында, тәжірибе ретінде бастадық. Шымкенттің климаты экзотикалық өсімдіктерге қаншалықты қолайлы екенін көргіміз келді. Банан ағаштарын қыста міндетті түрде орап, жылы ұстаймыз. Жасыл желектің барлығы толық жерсініп үлгерді. Енді жақсы күтім қажет. Жақын маңдағы тұрғындар келіп, серуендеп, суретке түсіп жатады. Алғыстарын айтып жатыр.
Сондай-ақ шаһарда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында анықталған 18
заңсыз қоқыс орны толықтай жойылды. Ал
тазалық жұмыстарына мән бермеген бірқатар лауазымды тұлғалар жауапкершілікке
тартылып, оларға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Дискуссия алаңында 15 тақырып талқыланды
24.08.2026, 20:57
Ғалымдар Жанкент шаһарын 20 жылдан бері зерттеп келеді
24.08.2026, 20:54
Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты
24.08.2026, 20:50
Жаңбыр соңы қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады
24.08.2026, 20:44
«Жаңа оқу жылына - таза мектеп» акциясы өтуде
24.08.2026, 20:19
Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
24.08.2026, 20:17
Елімізде міндетті сақтандыру жүйесі өзгереді
24.08.2026, 20:12
Амандасуда ұлттық әдеп бар
24.08.2026, 20:09